Хамзин Дәулет Ғазизұлы
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы
8221 30.09.22, 22:07
Хамзин Дәулет Ғазизұлы 1973 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1997 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының магистратурасын «Экономика және болжау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1994 жылы инженер-бағдарламашы ретінде бастады.
2006 жылдан бері азаматтық авиация саласында басқарушылық түрлі лауазымдарда қызмет атқарып келеді. Әр жылдары «Сары-Арқа әуежайы» АҚ президенті, «Scat авиакомпаниясы» АҚ дамыту бойынша вице-президенті, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болды.
2020 жылдан бастап елорда әуежайында Атқарушы директор, Коммерция департаментінің директоры ретінде еңбек етті.
2022 жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен, ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған. «Құрметті авиатор» төсбелгісінің иегері.