Ілиясов Айбат Болатұлы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі

8658
Ілиясов Айбат Болатұлы

Білімі:

«Есептеу техникасының және автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек өтілі:

2006 жылдан 2007 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электорнигі, бас маманы болып қызмет еткен.

2008 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Ақпараттандыру және байланыс агентінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК бас маманы болған.

2009 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Жоғарғы сотының (ҚР Жоғарғы сотының аппараты) жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры қызметін атқарған.

2022 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Оқу-ағарту вице-министрі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу