Исабеков Данабек Ержанұлы
Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры
10979 24.05.19, 18:30
Данабек Исабеков 1983 жылы дүниеге келген.
Білімі:
2004 ж. - Қазақ мемлекеттік заң академиясы, мамандығы – «заңгер».
2008 ж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы «қаржы».
Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті, мамандығы – «құқықтану».
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2004 жылы Шымкент қаласындағы қазынашылық департаментінде жетекші зң консультанты болып бастаған.
2004-2009 жж. – Шымкент қаласы бойынша салық комитетінде архивариус,оператор.
2009-2014 жж. – Шымкент қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету» РМК ОҚОФ директорының орынбасары.
2014-2016 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК филиалы департаментінің директоры.
2016-2018 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалының – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікке техникалық қызмет көрсету» департаментінің директоры.
2018-2019 жж. - Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы директорының орынбасары.
2019 жылдың 24 мамырынан - Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалының директоры.