Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы

ҚР ауыл шаруашылығы экс-вице-министрі  

7735
Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы

Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі:

1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын,

2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог.

Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, тағам қауіпсіздігі докторы.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1991 жылы Семей ет-сүт өнеркәсібі технологиялық институтында оқытушы болып бастады, содан кейін Қазақ ғылыми-зерттеу қой шаруашылығы технологиялық институтында әр түрлі қызметтер атқарған.

1998-2000жж. - «Еңбек» ӘКК-де ет және ет өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі бас технолог.

1996-2001 жж. - Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша ғылыми кеңесші, селекционер-зоотехник.

2001-2007 жж. - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы технологиясы факультетінің аға оқытушысы, оқу ісі жөніндегі орынбасары.

2007-2011 жж. - «Crown Central Asia» ЖШС мал шаруашылығы және ет өңдеу департаментінің директоры, коммерциялық директоры.

2011-2012 жж. - «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарушы директоры.

2012-2017 жж - Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2017-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі.

2018 жылдың қаңтарынан - 2020 жылдың 22 қазанына дейін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені және II дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақ құруға қосқан үлесі үшін» медалі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу