Исекешев Әсет Өрентайұлы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің көмекшісі– Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы      

10179
Исекешев Әсет Өрентайұлы

Әсет Исекешев 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған.

Білімі:

1989 ж. – Орал қаласының №5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін слесарь-жинаушысы мамандығы бойынша бітірген.

1994 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде заңгер-құқықтанушы мамандығын алған;

1998 ж. – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару мектебі, қазіргі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, шет елде тәжірибе алған.

Еңбек жолы:

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікте, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеген.

2003-2006 жж. – ҚР индустрия және сауда вице-министрі. 

2006-2007 жж. – «Қазына» ТДҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2007-2008 жж. – Credit Swiss (Қазақстан) компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008 ж. ақпанынан – 2009 ж. мамыры– Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі

2009 ж. мамыры – 2010 ж.наурызы – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.

2010 ж.наурызы – 2012 ж. қаңтары – Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйегі – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

20120 ж. қыркүйегі – 2014ж. тамызы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 ж. тамызы – 2016 ж. маусымы – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі.

2015ж. ақпаны – 2016 ж. маусымы – инвестициялық омбудсмен.

2016 ж. 22 маусымы – 2018 ж. 10 қыркүйегі – Астана қаласының әкімі.

2018 жылдың 10 қыркүйегінен – 2019 жылдың 24 наурызына дейін – Президент әкімшілігінің басшысы.

2019 жылдың 25 наурызынан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының атқарушы директоры.

2020 жылдың 16 қаңтарынан –  Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің көмекшісі– Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы.

Басқа қызметтері: 

2019 жылдың 27 ақпанынан – Nur Otan партиясының саяси кеңесі мүшесі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу