Ізбергенов Ербол Күреңтайұлы
Ақтау қаласының әкімі
3504 03.10.22, 15:38
Ербол Күреңтайұлы Ізбергенов 1973 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген.
Білімі:
2007 жылы Ақтау мемлекеттік университетінің "инженер-құрылысшы"мамандығы бойынша тәмамдаған.
2018 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы "әкімшілік іскерлік шебері" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1991 жылы Ақтауда "Маңғыстау мұнай-газ барлау" мекемесінде тас қалаушы болып бастаған.
1994 – 2004 жылдар аралығында өндірістік салаларда түрлі лауазымды қызметтерді атқарған.
2004 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.
2004 – 2005 жылдары Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары.
2005 – 2007 жылдар аралығында Қызыл төбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
2007 – 2011 жылдары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас сарапшысы.
2012 - 2013 жылдар аралығында Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы.
2014 - 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ТРМК Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің инвестициялық жобалар басқармасының басшысы.
2019 жылдың маусым айына дейін “Ақтау теңіз порты“ Арнайы экономикалық аймақ” акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары.
2020 жылдың мамыр айына дейін “Атамекен” ӨКП директоры қызметін қызметін атқарған.
2020 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2022 жылдың 3 қазанынан Ақтау қаласының әкімі.