Қабдола Шыңғыс Қайыпұлы

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары 

18455
Қабдола Шыңғыс Қайыпұлы

Шыңғыс Қабдола 1978 жылы 15 маусымда дүниеге келген. 

Білімі:

1999 ж. -  Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде «салық салу» мамандығы бойынша оқыған.  Қаржы полиция Академиясында бiтiрген; 2002 ж. - Қаржы полициясы Академиясын «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бiтiрген.  

2004 ж. - Құқық қорғау органдарының халықаралық академиясын (ILEA, АҚШ),экономикалық-тергеу мамандығы бойынша бітірген.

2009 ж. -  М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнде экономист-қаржыгер, заңгер, iскерлiк басқару мамандықтары бойынша бiлiм алған.

2017 ж. -  РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы  – ұлттық қауіпсіздік магистрі.

Еңбек жолы:

1999-2002 жж. -  Алматы облысының Жамбыл ауданы бойынша Салық комитетінің жетекші салық инспекторы, заңгері - бас маманы.

2002-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық қатынас департментінің аға инспекторы, бөлімше, бөлім, басқарма бастығы.

2009-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі секторының сарапшысы, инспекторы, меңгерушісі.

2013-2014 жж. – мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусына кадрлық ревервке алынған. 

2014-2016 жж. -  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

2016 жылдың қаңтар – қазаны - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

2016 жылдың қазаны – 2017 жылдың қыркүйегі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.

2017 жылдың қыркүйегі – 2018 жылдың шілдесі -  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының  Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2019 жылдың шілдесі – 2019 жылдың маусымы -  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары.

2019 жылдың 26 маусымы -  Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. 

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ойық атыс қаруымен марапатталған.  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу