Качаков Бақытжан Аманжолұлы
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
30434 19.10.21, 15:33
Бақытжан Качаков 1982 жылы дүниеге келген.
Білімі:
Қазақ-Америкалық университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.
Дикинсон мемлекеттік университетін (АҚШ) қаржы - экономист мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2003 жылы «Компания Терра Холдинг ЛТД» ЖШС-ның қаржы мәселесі бойынша директордың орынбасары болып бастаған.
2007-2012 жж. - Алматы қаласы, Медеу ауданы бойынша салық комитеті заңды тұлғалар аудиті бөлімінің маманы-салық инспекторы, жетекші маманы-жетекші салық инспекторы. Сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің салық комитетінде халықаралық салық салу басқармасынынң бас сарапшысы, аудит басқармасы сарапшысы.
2012-2013 гг. - Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі тұрғын үй құрылысы департаментінің ведомстволық бағынысты қаржылық ұйымдармен жұмыс бойынша басқарманың бастығы.
2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің Құрылыс және қаржы институттарымен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, басшысы.
2014-2016 жж. - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің жобалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, қаржы институттарымен жұмыс басқармасының басшысы, тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын экономикалық талдау басқармасының басшысы.
2016-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары.
2017 жылдың сәуірінен – 2019 жылдың ақпанына дейін - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 19 тамызынан – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары