Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің экс-орынбасары 

16010
Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы

Алтынбек Қайсағалиев 1987 жылы дүниеге келген. 

Білімі:

 Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. 

2010 ж. - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 ж. - Бат университеті (Ұлыбритания), «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Менеджмент, инновация және технологиялар саласындағы жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын «Астана Сәулет Жобалау институты» ЖШС-да техник-конструктор болып бастаған.

2007-2009 жж. – Еуразия ғылымыи-зерттеу талдау институтының инженер-конструкторы.  

2011-2012 жж. -  «Астана Инновейшенс» АҚ «Смарт Астана» жобалық тобының сарапшысы.

2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің консультанты, инспекторы.

2013-2015 жж. -  Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2015-2018 жж. -  «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.

2018 жылдың қыркүйегі –2019 жылдың шілдесі - Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы.

2019 жылдың 13 шілдесінен бастап - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу