Кәлетаев Дархан Аманұлы

Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Молдова Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі      

14566
Кәлетаев Дархан Аманұлы

Дархан Аманұлы Кәлетаев 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған.

Білімі:

1994 ж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді.

1997 ж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген.

Еңбек өтілі:

1995 ж. – Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы тілдер комитетінің жетекші маманы, 1 санаттағы маман;

1995-1996 жж. – Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, жетекші маман.

1997 ж. мамыр-қарашасы – Қазақстан Республикасы білім және мәдениет министрлігінің Тіл саясатын үйлестіру департаментінің басқарма басшысының орынбасары, Алматы.

1997-2001 жж. – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті жастар саясаты бөлімінің басшысы, Астана.

2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ішкі саясат департаменті басшысының орынбасары, Астана.

2002 ж. ақпан-қарашасы – Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жастар ісі жөнінде департаментінің басшысы, Астана.

2002-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің ішкі саясат секторының меңгерушісі, бөлім басшысы.

2004-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі ішкі саясат басқармасының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі.

2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімнің меңгерушісі.

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

2007 жылдың12 қаңтарынан – 2008 жылдың 13 қазанына дейін – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2009 жылдың қарашасы – 2016 жылдың қазаны – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры.

2018 жылдың 4 сәуірі – 29 маусымы –Қазақстан Республикасы діни істер және азаматтық қоғам министрі.

2018 жылдың 3 шілдесі– 2019 жылдың 1 наурызы – Қазақстан Республикасының қоғамдық дамыту министрі.

2019 жылдың 1 - 25 наурызы – Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің меңгерушісі.

2019 жылдың 25 наурызынан – желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасы президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2020 жылдың 22 ақпанынан бастап – Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі

2020 жылдың 12 қазанынан бастап - Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Молдова Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі

 

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, медальдар, оның ішінде «Астанаға 10 жыл» медалі.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу