Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
6270 29.10.20, 16:20
Гүлмира Қалмұратова 1969 жылы дүниеге келген.
Білімі:
Білімі жоғары, «тарих, қоғам тану және мемлекеттік пәнінің мұғалімі» және «заңгер, мемлекеттік қызмет саласының маманы» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1986 жылы Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.
1995 - 1998 жылдары – Жаңаөзен қалалық әкімшілігінде бас маман-заңгер болды.
1998 – 2003 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары.
2003 - 2007 жылдар аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2007 - 2017 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, кейін Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды.
2017 - 2019 жылдары аралығында Ақтау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
2020 жылдың 29 қазанынан бастап – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.