Каналимов Ерлан Ермекұлы

Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Nur Otan»  партиясы филиалының бірінші орынбасары    

8413
Каналимов Ерлан Ермекұлы

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

2003 ж. - Астана қаласының басқару институтын бітірген.  

2007 ж. -  Қазақстан-Ресей университетінде (2007 ж.) білім алған.

Еңбек жолы:

2005-2006 жж. -  Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі, аппаратының ұйымдастыру–бақылау және кадр бөлімінің бас маманы.  

2006-2007 жж. - «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі.

2007-2009 жж. – Астана қаласы әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.  

2009-2013 жж. - Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2013-2015 жж. - Астана қаласы әкімдігінің «Дағдарыс орталығы» КММ директоры.

2015-2018 жж. - «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ жетекшісі.

2018-2019 жж. - Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі.

2019 жылдың 24 сәуірінен – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

2019 жылдың 10 шілдесінен бастап -  Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Nur Otan»  партиясы филиалының бірінші орынбасары.   

Мемлекеттік наградалары: Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында  көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыруға белсене ат салысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында  көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медалі, «10 жыл Астана»,  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медалі,  Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу