Қарабаев Марат Кәрімжанұлы

Қазақстан Республикасының Көлік министрі 

15790
Қарабаев Марат Кәрімжанұлы

Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған.

Білімі:

Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы имараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының м.а. ретінде бастады.  

2011 жылдан 2013 жыл аралығында  — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 

2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а.  

2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысының орынбасары, басшысы. 

2018-2019 жылдары — ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 7 шілдеде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Көлік министрі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу