Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы
Жамбыл облысы әкімі
36045 05.09.23, 11:50
Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада туған.
Білімі:
1997 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
1999 ж. - Заманауи гуманитарлық институтты тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1998-1999 жж. – ҚР статистика агенттігінің сараптама және жағдаяттық зерттеулер басқармасының бас маманы.
1999-2001 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі консультанты.
2002-2003 жж. - қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы филалдың директоры, «Медикус Центр» ЖШС БК-ның батыс өңірі бойынша директоры.
2003-2006 жж. – қаржы департаментінің директоры - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма мүшесі.
2006-2007 жж. – ҚР қаржы министрлігінің жиынтық-сараптау департаменті директоры.
2007 ж. –«ҚазАгро»Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның басқарушы директоры.
2007-2009 жж. – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқарамасының төрағасы.
2010-2012 жж. – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық құқық бұзушылықты зерттеу орталығы» РМК бас директоры.
2012-2013 жж. - «Мұнай-газ инжиниринг және ақпараттық технологиялары ҚБТУ институты» ЖШС бас директоры, «Самрұк- Қазына» ҰӘҚ.
2013-2016 жж. -«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2016 жылдың қаңтары – 2019 қаңтары аралығында - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылдың қаңтар-сәуірі - Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
2019 жылдың 4 сәуірінен - «ҚазАгро»Холдинг» АҚ басқарама төрағасы.
2021 жылдың наурыз-сәуір - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісі орынбасары міндетін атқарушы.
2021 жылдың 12 сәуірінен бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы вице -министрі.
2021 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі - Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2021 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде осы лауазымға қайта тағайындалды.
2023 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.
2023 жылғы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімі болып тағайындалды.