Қасымбеков Махмуд Базарқұлұлы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кеңсесінің басшысы
7250 19.03.19, 20:02
Махмуд Қасымбеков 1952 жылы 2 тамызда туған.
Білімі:
1974 ж. – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын «математика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
1985 ж. – Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1990 ж. – Алматы жоғары партия мектебін «саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1969-1970 жж. – орта мектептің аға пионервожатыйы.
1970-1976 жж. – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары.
1976-1983 жж. – Фрунзе аудандық, Алматы қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, республика комсомолы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі.
1983-1990 жж. – Алматы облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, республика комсомолы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі, нұсқаушы.
1990 ж. – Қазақ ССР Президенті аппараты секторының меңгерушісі.
1990-1994 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті жалпы бөлімінің және министрлер кабинеті аппараты меңгерушісі.
1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті жалпы бөлімінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің меңгерушісі.
1996 жылдың наурызынан – 2002 жылдың ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің меңгерушісі.
2002 жылдың ақпанынан – 2004 жылдың наурызына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі кеңсесінің меңгерушісі.
2004 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің басшысы, өкілеттілік 2018 жылдың 31 желтоқсанынан 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
2019 жылдың 19 наурызынан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кеңсесінің басшысы.