Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
28005 30.07.21, 16:03
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы 1957 жылдың 18 мамырында Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1979 ж. – Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1979-1988 жж. – Алматы облысы Іле ауданының ІІБ тергеушісі лауазымынан бастап, аға тергеуші, тергеу бөлімшесінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған.
1988-1989 жж. – Алматы облысы ІІБ қоғамдық тәртіпті күзету бөлім бастығының орынбасары.
1989-1992 жж. – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ бастығы.
1997 жылғы наурыз-шілде айларында ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
1992-1997 жж. – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы.
1997 жылдың наурыз-шілдесі – ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
1997-2003 жж. – Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармасының бастығы.
2003-2005 жж. – Алматы облысы Ішкі істер департаменті Ішкі істер бас басқармасының бастығы.
2005-2009 жж. – Қазақстан Республикасының Ішкі істер бірінші вице-министрі, вице-министрі.
2009-2011 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментіне басшылық еткен.
2011-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
2019 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
2020 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары: І, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Астана» медалі, мерейтойлық медальдар: «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынын ардагері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл»