Қазкенов Алан Аманжолұлы

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары  

3272
Қазкенов Алан Аманжолұлы

Алан Қазкенов 1971 жылы дүниеге келген. 

Білімі:

1995 ж. -Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын  «Зымыран құрылысы» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1996-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.

2014-2020 жж. - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының және Аэроғарыш комитеті төрағасының кенесшісі.

2020 жылдың 20 қаңтарынан бастап - ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары.  

Басқа да қызметтері:

Член Национального научного совета по приоритету «Национальная безопасность и оборона».

«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымдығы бойынша ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі. Халықаралық ынтымақтастық және ұлттық компания мен ғарыш ведомствосының даму стратегиясы мәселелерімен айналысты, ғарыш саласы, геодезия және картография бойынша ТМД мен ЕЭК мемлекетаралық кеңестері мен жұмыс топтарының жұмысына белсенді қатысты, Қазақстанның кеңістіктік деректерінің ұлттық инфрақұрылымын құру жобаларының бастамашыларының бірі, ЕАЭО Жерді қашықтықтан зондтау спутниктері топтарының жұмысына белсене қатысты, «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын іске асыруға қатысады.  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу