Кенжеғұл Социалұлы Сейтжан
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл.
2338 02.02.24, 11:41
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі.
1982 жылы 29 шілдеде Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келген.
1991 жылдан 2003 жылға дейін Алматы қ. Н.Островский атындағы зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп - интернатында оқыды.
2003 жылдан 2007 жылға дейін «Тарих. Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бакалавр дәрежесі бойынша білім алған.
2008 - 2009 жылдар аралығында Жапонияда әлеуметтік көшбасшылық курсынан өтті.
2011 жылдан 2013 жылға дейін University of CUNY (АҚШ) университетінде ағылшын тілін оқыды.
2015 жылы University of Reading (Англия) Education (Leadership and Management) мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Альпинизм бойынша әлем чемпионатының қатысушысы (Франция, Париж, 2016 ж.) 7-орын, 2019 жыл (Франция) 7-орын.
"Голбол" Параолимпиадалық спорт түрінен 2017, 2019 ж. Қазақстан чемпионы.
Голболдан 2020, 2021, 2022 жылдардағы кубогының чемпионы.
Паравелоспорттан Қазақстан чемпионы 2021 ж. (Петропавл қ.), 2022 ж. (Ақтау қ.), 2022 ж. (Бурабай қ.).
2022 жылғы Паравелоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдегері (Душанбе қ.) және Паравелоспорттан бойынша UCI халықаралық рейтингі бойынша 13-орында.
Голболдан спорт шеберіне үміткер.
Паравелоспорттан спорт шебері.
Қазақ, орыс, ағылшын және жапон тілдерін жетік меңгерген. Неміс, түрік, араб тілдерін үйренуде.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы, Медеу ауданының № 7 жалпы білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2017 жылдан 2022 жылға дейін мүгедек балаларға арналған «Мейірім» оңалту орталығында әлеуметтік бағдарламалар бойынша менеджер болып жұмыс істеді.
2017 жылдан 2022 жылға дейін қонақ үй бизнесінде директор болып қызмет атқарған.
2016 жылдан 2022 жылға дейін «Қазақстан голбол федерациясы» ЗТҚ Бас хатшысы қызметін атқарды.
2019 жылдан 2021 жылға дейін «Қазақстан Паравелоспорт федерациясы» РҚБ вице-президенті қызметін атқарды
2022 жылдан бастап осы күнге дейін Астана қ. голбол Федерациясының Президенті.
2021 – 2023 жж. – "Қазақстан Паравелоспорт федерациясы" РҚБ президенті
2023 жылғы наурыздан бастап- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшесі.