Қисықова Сәуле Дүйсебекқызы
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
7707 15.07.20, 19:25
Сәуле Қисықова 1963 жылы 22 шілдеде дүниеге келген.
Білімі:
Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, іскери әкімшілік магистрі.
Еңбек жолы:
1987-1994 жж. – Алматы облысы Орталық аудандық ауруханасының терапевт-дәрігері.
1994-2004 жж. - Алматы қаласындағы №8 қалалық емхананың медициналық-профилактикалық және ақылы бөлімінің меңгерушісі.
2004-2007 жж. - «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілік Басқармасы Медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны отбасылық медициналық кешендер қауымдастығының жетекшісі.
2007-2012 жж. - «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілік Басқармасы Медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы» РМҚК бас дәрігерінің ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.
2012-2015 жж. - «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері, Астана қаласы.
2015-2017 жж. - «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бірінші орынбасары, Астана қаласы.
2017-2019 жж. - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
2019-2020 жж. - Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы.
2020 жылдың 15 шілдесінен бастап - «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.