Коновалов Сергей Алексеевич
Қазақстан Республикасы қоғамдық даму экс-вице-министрі
3153 17.04.19, 12:50
Сергей Коновалов 1976 жылы 12 мамырда туған.
Білімі:
1998 ж. – Семей мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы:
1998-2000 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының философия және саясаттану институтының кіші ғылыми қызметкері, аға зертханашы.
2000-2002 жж. - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінің бас маманы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының бас сарапшысы.
2002-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ақпараттық-сараптамалық орталығының бас инспекторы, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімнің бас сарапшысы.
2008-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің стартегиялық әзірлемелер және сараптама орталығы секторының кеңесшісі, меңгерушісі.
2016-2018 жж. - ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы секторының меңгерушісі.
2018 жылдың наурыз – қыркүйегі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2018 жылдың қыркүйегі – 2019 жылдың сәуірі – Қазақстан Республикасы қоғамдық даму вице-министрі.