Қосанов Дәурен Жұматайұлы

ҚР Қорғаныс министрі    

96
Қосанов Дәурен Жұматайұлы Фото: gov.kz

Қосанов Дәурен Жұматайұлы 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.

Еңбек жолын Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш ретінде бастаған.

Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі.

Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы.

2022-2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.

2024-2025 жылдары – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.

2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).

Тілді меңгеруі: қазақ, орыс.

Марапаттары: I және II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, мерейтойлық медальдар.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу