Көшербаев Қырымбек Елеуұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ тәуелсіз директоры және Директорлар кеңесінің мүшесі 

15976
Көшербаев Қырымбек Елеуұлы

Қырымбек Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. 

Білімі:

1978 ж. –  В. И. Ленина атындағы Қазақ политехникалық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. 

1991 ж. – КОПК ОК жанындағы қоғамдық ғылым академиясының аспирантурасын бітірген, саясаттанушы. 

Саясаттану ғылымдарының докторы (ұлтаралық қатынас).

Еңбек жолы:

1978-1979 жж. – Қызылорда қаласында қаласында «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы.

1979-1981 жж. –  Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы.

1981-1982 жж. – Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі.

1982-1983 жж. –  Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы.

1983-1986 жж. – Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

1986-1987 жж. –  Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Алматы қаласы.

1987-1991 жж. – Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі. Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті.

1991-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.

1994-1995 жж. –  Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы.

1995 ж. –  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі.

1999 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.

1997-1999 жж. –  Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі.

1999-2000 жж. –  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі.

2000-2003 жж. – Батыс Қазақстан облысы әкімі.

2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2006-2011 жж. – Маңғыстау облысының әкімі. 

2012 жылдың шілде-қыркүйегі – Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі. 

2012 жылдан бастап 2013 жылдың қаңтарына дейін – ҚР премьер-министрінің орынбасары. 

2013 жылдың 17 қаңтарынан – 2019 жылдың 28 маусымына дейін – Қызылорда облысының әкімі. 2019 жылдың 17 маусымында осы қызметке қайта тағайындалды. 

2019 жылдың 28 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы. 

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2021 жылғы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.

2022 жылдың 17 қарашасында «Ембімұнайгаз» АҚ тәуелсіз директоры және Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары: ордендері: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев», ІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Дружба»; медальдар.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу