Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы

Премьер -Министрдің кеңесшісі   

28923
Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы 13 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі:

1992 ж. – Қарағанды мемлекеттік университеті.

1999  ж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.   

2006 ж. – РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Кеден академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1997-1998 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақстан темір жолы» МТҚ бас директоры бірінші орынбасарының көмекшісі.

1998 жылы мамыр-қараша – ҚР Қаржы министрлігі Салық полициясы комитетінің қаржы-экономикалық басқармасының басшысы.

1998-2002 жж. –  ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы.

200 жылдың шілде-қазаны – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы.

2002-2003 жж. –  ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы.

2003-2006 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы.

2006-2007 жж. – Астана қаласы Алматы ауданының әкімі.

2007-2013 жж. – Астана каласы әкімінің орынбасары.

2013 жылдың қаңтар-қарашасы – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы. 

2013-2016 жж. –  Қазақстан Футбол федерациясының президенті.

2015 жылдың шілде-қарашасы –  «Астана»президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры.

2016-2017 жж. – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.

2017 жылдың 15 қарашасынан – 2019 жылдың 19 тамызы. –Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі.  

2019 жылдың 19 тамызынан- 2021 жылдың 26 сәуіріне дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 

2021 жылдың 26 сәуірінен – Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі.

2021 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің өкімімен Премьер -Министрдің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары: II, III дәрежелі «Айбын», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу