Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы

ҚР АҚДМ-ның жастар және отбасы ісі жөніндегі комитеттің төрағасы.   

8753
Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы

Мадияр Қожахмет 1984 жылы 13 ақпанда дүниеге келген. 

Білімі:

2007 ж. - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық унивеситетiн тамамдаған, Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен Чех әлеуметтiк ғылым университетiн халықаралық құқық бакалавры, халықаралық құқық магистрi, экономика және менеджмент мамандықтары бойынша бiлiм алған.  

Еңбек жолы:

2003-2006 жж. – «Қазақстан жастар конгресі» ЗТҚ-да бөлім басшысынан бастап атқарушы директорға дейінгі қызметтерді атқарған.

2006-2008 жж. – Чехиядағы «Қазақстан жастар конгресі» ЗТҚ  өкілі. 

2008 жылдың шілде-қазаны- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің ұйымдастырушылық, әдістемелік және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы. 

2008 жылдың қазаны – 2012 жылдың қазаны - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары. 

2010 жылдың шілдесі – 2012 жылдың қазаны - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, жастар саясаты департаментінің директоры.

2012 жылдың қазаны – 2014 жылдың желтоқсаны - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыстар бөлімінің инспекторы.

2014 жылдың желтоқсаны – 2017 жылдың қазаны – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі. 

2017 жылдың қазаны – 2019 жылдың сәуірі - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2019 жылдың 17 сәуірінен – ҚР АҚДМ-ның жастар және отбасы ісі жөніндегі комитеттің төрағасы. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу