Қожамжаров Қайрат Пернешұлы
Парламент Сенатының депутаты
6242 19.03.19, 17:50
Қайрат Пернешұлы Қожамжаров 1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі:
1987 ж. – А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.
2007 ж. – қаржы полициясының генерал-майоры.
Еңбек жолы:
1987-1995 жж. – Жамбыл қаласының және Жамбыл облысының прокуратура органдарында қызметте болды
1995-1998 жж. – Қорғас кеденінде контрабандаға және кеден тәртібін бұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы-тергеушісі, экспорттық-импорттық операцияларды бақылау жөніндегі бөлім бастығы.
1997-1998 жылдары - Қорғас кедені бастығы орынбасарының міндетін атқарушы болды. Ал 1998-1999 жылдары "Озон-Ислам" ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған.
1999-2012 жж. – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі салық полициясы комитеті бас тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, басқарма бастығының орынбасары-бөлім бастығы, басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.
2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің тергеу және анықтау департаменті тергеу басқармасының бастығы.
2002-2004 жж. – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары.
2004-2007 жж. – Ақтөбе облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы.
2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары.
2008-2012 жж. – ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы.
2012-2013 жылдары – Ақмола облысының әкімі.
2013 жылғы қаңтар – 2014 жыл – ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2015 жылдың 11 желтоқсанынан 2016 жылдың қыркүйегіне дейін – Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы.
2016 жылдың 13 қыркүйегінен 2017 жылдың 11 желтоқсанынан дейін – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2017 жылдың 11 желтоқсаны 2019 жылдың 18 наурызы – Қазақстан Республикасының бас прокуроры.
2019 жылдың 19 наурызынан – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
Мемлекеттік наградалары: II «Даңк», I дәрежелі «Данқ» ордені, медальдар, Қазақстан Республикасы прокуратурасының үздік тергеушісі, «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» белгісі, Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының құрмет грамоталары.