Қожаниязов Серік Салауатұлы
Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
19460 10.01.24, 22:15
Серік Қожаниязов 1965 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі:
1989 жылы Кузбасс политехникалық институтын,
2002 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1989-1992 жж. – Қызылдорда жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған.
1992-1994 жж. - «Серік» ШК директоры.
1994-1999 жж. - «Арко-инвест» ИПФ басқарушысы.
1999 ж. – Қызылорда бизнес орталық директоры.
1999-2000 жж. – Қызылорда әкімі жанындағы инвестиция тарту және қор нарығын дамыту орталығының директоры.
2000-2001 жж. – «Сенім» ЖАҚ-тың Қызылорда облысы бойынша өңірлік менеджері.
2001-2004 жж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бастығы.
2005-2007 жж. - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.
2007-2008 жж. – Қызылорда қаласының әкімі.
2008-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімі басшысының орынбасары.
2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2014-2019 ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.
2014-2019 жж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2019 жылғы сәуір - 2021 жылғы қаңтар - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2021 жылғы 27 қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
Басқа лауазымдар:
2006 - Арал ауданының әкімі қызметіне үміткер.
Мемлекеттік наградалар: Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасы.