Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

6138 09.09.25, 12:00
Қуанышбек Есекеев 1975 жылы Алматы қаласында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін бітірген. Іскерлік басқару магистрі. Физика-математика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қолданбалы математика кафедрасында аға оқытушы болып бастады.
1998-2000 жылдары – «Қазақойл» акционерлік қоғамы Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
2000-2002 жылдары – «Қазақстан темір жолы» РММ департамент басшысы;
2002-2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры;
2002-2003 жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры;
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақпараттандыру департаментінің директоры;
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а.
2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы;
2010-2024 жылдары – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
2024-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;
2025 жылғы 9 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
Жарияланымдар, ғылыми еңбектер, мемлекеттік наградалар, ынталандыру (грамоталар т.б.)
- ЕҚЫҰ Саммиті кезінде телекоммуникациялық қызметтерін дайындау және техникалық қолдау көрсеткені үшін ҚР Президентінің Алғыс хаты – 2010 жылы
- «Құрмет» ордені – 2011 жылы
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медаль – 2015 жылы
- Астана күніне арналған «Астана 20 жыл» мерейтойлық медаль – 2018 жылы
- «Парасат» Ордені – 2018 жылы