Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы
Парламент сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы

6516 28.03.19, 10:18
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы 1960 жылы 12 желтоқсанда туған.
Білімі:
1982 ж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.
1998 ж. – заң ғылымдарының докторы
1997 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Нью-Йорк Ғылыми академиясының толық мүшесі.
2001 ж. – ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
Еңбек жолы:
1983-1992 жж. – «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редактор, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары.
1992-1999 жж. – «Атамұра» корпорациясының президенті.
1999-2001 жж. – ҚР Парламенті сенатының депутаты, сенаттың заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы
2001-2003 жж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
2003-2004 жж. – ҚР Президентінің кеңесшісі.
2004-2006 жж. – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы
2006-2007 жж. – ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы,
2007-2008 жж. – Қызылорда облысының әкімі.
2008 жылдың наурыз-мамырында – ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.
2008-2010 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.
2010-2012 жж. – ҚР Мәдениет министрі, кейін ҚР Мемлекеттік хатшысы
2013-2014 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
2014 жылдың 12 наурызы – 2015 жылдың 5 наурызы – Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі.
2015 жылдың 5 мамыры – 2016 жылдың 5 мамыры – Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі.
2016-2018 жж. – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары
2018 жылдың ақпаны – 2019 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты.
2019 жылдың 28 наурызынан – Парламент сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы