Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі
12032 13.10.20, 19:45
Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында туған.
Білімі:
1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1989 ж. – Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші.
1990-2008 жж. – Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарды.
2008-2012 жж. – Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары – Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
2012-2014 жж. – Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2014-2016 жж. — Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2016-2019 жж. — ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың 13 қазанынан бастап – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі.
Мемлекеттік наградалары: медальдар: «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III степени, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен тыңдаушыларының шығарылуына 15 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл», «40 лет Казселезащите МЧС Республики Казахстана», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Ішкі icтep органдарының ардагері».
Төс белгілері: «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін».