Күлшімбаев Ибрагим Даукесұлы

ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі 

7173
Күлшімбаев Ибрагим Даукесұлы

Ибрагим Күлшімбаев 1972 жылы дүниеге келген.

Білімі:

1994 ж. - Қарағанды политехникалық институтын бітірген.

2004 ж.-  Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау кеңшарында автопарк механигі болып бастаған.

1996-1999 жылдары — ҚР Қорғаныс министрлігі 1-армия корпусы 78 танк дивизиясы 143 танк полкінің штаб бастығының орынбасары, танк взводының командирі.

2000-2004 жылдары — ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2004-2005 жылдары — Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар басқармасы Дайындық және оқыту орталығының бөлім басшысының орынбасары.

2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымында жұмыс істеді.

2009-2013 жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою міндеттерін орындайтын ҚР ТЖМ 52859 әскери бөліміне басшылық етті.

2013-2016 жылдары — Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары.

2016 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдың 13 қазаннан бастап – ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі.

Мемлекеттік наградалары:

«Құрмет» ордені (2004)

Медальдары: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», нагрудные знаки: «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері»

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу