Құрманов Жанат Бостанұлы
«БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы
5363 01.04.19, 15:42
Жанат Құрманов 1962 жылдың 22 ақпанында туған.
Білімі:
1985 ж. - С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1996 ж. - Мәскеу экономика, менеджмент және құқық институты, экономист. Физика- математика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1985-1992 жж. - инженер, Қазақстан ядролық физика ғылымы акадамиясының кіші ғылыми қызметкері.
1992-1996 жж. – РҒА ядролық зерттеулер институтының кіші ғылыми қызметкері.
1996-1999 жж. - қаржылық басқарма басшысы, вице-президент, АОЗТ «KBS» жобаларының басқарушы, «Страховая компания KBS Garant» ААҚ қаржылық басқарма басшысы, «KBS» ЖАҚ жобаларының басқарушысы, TACIS жобасының кеңесшісі.
1999-2002 жж. - реттеу және лицензиялау басқармасы басшысы, директор орынбасары, сақтандыруды қадағалау департаментінің директоры, Қазақстан Ұлттық банкі банктік және сақтандыруды қадағалауы департаменті директорының орынбасары.
2002-2006 жж. - «МЖЗҚ» АҚ бас директоры.
2005 жылдың қыркүйегінен - «Қазақстандық актуарлық орталық» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2006-2007 жж. - «МЖЗҚ» ҰЗҚ» АҚ бас директорының орынбасары.
2008-2009 жж. - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі; Halyk Finance АҚ директорлар кеңесінің мүшесі; «Халык Life» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2012-2016 жж. - «Қазақстандық қор биржасы» АҚ биржалық кеңес төрағасы; Қазақстан қор биржасы тәуелсіз директор - директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ тәуелсіз директоры.
2016-2017 жж. - Қазақстан қор биржасы – KASE директорлар кеңеснің төрағасы.
2017-2019 жж. – ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 1 сәуірінен - «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы.