Құсайынов Марат Әпсеметұлы

Еуразиялық даму банкі басқармасы төрағасының орынбасары 

3876
Құсайынов Марат Әпсеметұлы

Марат Құсайынов 1965 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген.  

Білімі:

1988 ж. -   Алматы халық шаруашылығы институтын «Өнеркәсіпті жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. 

1997 гж -  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық жоғарғы мемлекеттік басқару мектебін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Экономиканы жаңғырту жағдайларында шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау» тақырыбы бойынша диссертация қорғаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

1988-1996 жж. –Қызылорда қалалық атқару комитетінде, қалалық әкімшілігінде нұсқаушы, аға экономист, экономист, маман, бас маман, экономика басқармасы басшысы, экономика бөлімінің меңгерушісі.   

1997 ж. – Қазақстан Республикасы стратегиялық ресурстарты бақылау агенттігі консультанты.  

1997-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі консультанты.   

2000-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің әлеуметтік-экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары, директоры. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары.

2006-2010 жж. - Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 

2010-2014 жж. -  Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда вице-министрі. 

2014-2017 жж. - Қазақстан Республикасы ұлттық экономика бірінші вице-министрі. 

2017-2019 жж. -  Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі.

2019 жылдың 6 мамырынан - Еуразиялық даму банкі басқармасы төрағасының орынбасары.

Мемлекеттік наградалары: «Кұрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегi үшiн» медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу