Құсайынов Марат Рахымұлы
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы
7752 06.09.21, 19:54
1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау ауылында туған.
Білімі:
1988 жылы Челябі жоғары танк командалық училищесін тәмәмдаған.
1997 жылы Бронды танк әскерлерінің әскери академиясын үздікке бітірген.
2010 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын үздікке алтын медальмен аяқтаған.
Еңбек жолы:
1988-1994 жж. – взвод командирі, рота командирі және оқу-жаттығу танк батальоны командирі лауазымдарында қызмет атқарған.
1997-2000 жж. – 61993 ә/б командирінің орынбасары – штаб бастығы.
2000-2002 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-ғылым орталығының басқармаларын басқарды.
2002-2005 жж. – 25744 ә/б командирі, штаб бастығы.
2005-2006 жж. – 27943 ә/б қару-жарақ пен техниканы сақтау бөлімінің бастығы.
2006-2008 ж.ж. – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының жедел штаб басқармасының бастығы.
2010-2013 жж. – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы.
2013-2014 жж. – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы.
2014-2016 жж. – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы.
2016-2019 жж. – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.
2019-2020 жж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы.
2020-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының бірінші орынбасары.
2021 жылғы қыркүйектен бастап – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығы.