Құсайынов Жарқын Қуанышұлы

ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаментінің бастығы 

6403
Құсайынов Жарқын Қуанышұлы Фото: gov.kz

Құсайынов Жарқын Қуанышұлы 1976 жылы 27 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

Еңбек өтілі:

Қызметін 1993 жылы Бас әскери прокуратура органдарының жүйесінде бастаған. Бас әскери прокуратураның Құқықтық статистика және ақпарат бойынша Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, әскери прокурор, бөлімнің аға әскери прокуроры, Бас әскери прокуратура басқармасының прокуроры лауазымдарын дәйекті түрде атқарды.

2001 жылдан 2010 жылға дейін басқарманың аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Медеу және Әуезов аудандары прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2010-2011 жылдары басқарманың аға прокуроры, ҚР Бас прокуратурасы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2011-2018 жылдары Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының бастығы және Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры болды.

2018-2020 жылдары Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, кейін прокурор болып жұмыс істеді.

2020-2023 жылдар аралығында Павлодар облысы және Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылғы 23 ақпаннан бастап ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу