Ластаев Артур Ермекұлы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
16346 29.12.22, 12:00
Артур Ермекұлы 1983 жылы дүниеге келген.
Білімі:
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
Қызметін 2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Бас прокуратурада бес жылдан астам жұмыс істеген, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлімін басқарған.
2016 жылғы қаңтардан бастап Бас прокуратураның өкілі – БҰҰ және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі болған.
2018 жылдың шілдесінен бастап Еуропадағы Бас прокуратураның өкілі - Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.
2022 жылдың 7 қарашасынан ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы.
2022 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.