Лепеха Игорь Владимирович

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

1135
Лепеха Игорь Владимирович

Игорь Владимирович Лепеха 1962 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы Осакаровка поселкісінде дүниеге келді.

Білім:

1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер мамандығында, ал 1993 жылы Ресей Федерациясының ІІМ Академиясын заңгер мамандығында тәмамдады.

Еңбек өтілі:

1986-1987 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласы ІІБ-нің техникалық бөлімінде аға нұсқаушы;

1987-1988 жылдары Қарағанды облысы Гагарин ауданы ІІБ-нің саяси бөлім бастығының орынбасары;

1988-1990 жылдары Қарағанды облысы Абай қаласы ІІБ-нің саяси бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

1990-1993 жылдары Ресей Федерациясы ІІМ Академиясының тыңдаушысы болды.

1993-1997 жылдары Қарағанды қаласы Советский ауданы ІІБ бастығының орынбасары, бірінші орынбасары;

1997-1998 жылдары Қарағанды облысы ҚІІБ Патрульді полиция басқармасының бастығы;

1998-2005 жылдары Қарағанды облысы ҚІІБ әкімшілік полиция қызметінің, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы;

2005-2009 жылдары Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары;

2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары;

2011-2019 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы;

2019 жылдың 18 сәуірінен 2020 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Штаб-департаментінің бастығы;

2020-2022 жылдары  Қазақстан Республикасы ІІМ аппаратының басшысы.

2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу