Мадияр Смәділұлы Меңілбеков

Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі 

574
Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Фото: nurqanatbaizaq.islam.kz

 Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Туған жылы: 08.02.1978 жыл

Туған жері: Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған.

Отбасылық жағдайы: Үйленген, үш баласы бар.

Білімі: 2002 жылы Ливияның Триполи қаласындағы Исламға шақыру университетін бітірген, араб тілі және исламтану бакалавры.

2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, филология магистрі.

Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

  • 2002-2005 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы.
  • 2005-2006 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы.
  • 2006 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы.
  • 2006-2011 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы.
  • 2011-2012 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы.
  • 2012-2015 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі.
  • 2015-2017 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
  • 2017-2019 жылдары ҚР Дубайдағы Бас консулы қызметін атқарған.
  • 2019 жылғы 26 ақпаннан бастап - ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу