Мағауов Әсет Маратұлы

Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі   

8047
Мағауов Әсет Маратұлы

1972 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құлсары ауылында дүниеге келген. 

Білімі:

1994 ж.-  И.М. Губкин атындағы Москва мұнай-химия және газ өндірісі институтының ЖЭК саласындағы экономика және басқару факультетін аяқтады. Халықаралық валюта қоры және Азия даму банкінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолы:

1994-1998 жж. - экономист, «Теңізмұнайгаз» АҚ жоспарлау-экономикалық талдау бөлімі бастығының орынбасары.
1998-2001 жж. – ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінде еңбек етті;
2001 ж. – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің бас менеджері, «Мұнай және газ транспорттау» ҰК» АҚ сервистік жобалар департаменті директорының орынбасары.
2002-2004 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ТШО-дағы үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары, департамент директоры.
2004-2006 жж. – «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары.
2006-2008 жж – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-дегі үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2008-2010 жж. – Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
2010 - 2011 жж. - Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі.
2011-2012 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры.
2012-2016 жж - KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.
2016-2017 жж. – ҚР энергетика вице-министрі.
04.12.2017 жылдан 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін – KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.

2019 жылдың 1 сәуірінен  – Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу