Мағжан Жанботаұлы Ілиясов

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі   

1333
Мағжан Жанботаұлы Ілиясов

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов 1974 жылғы 26 тамызда Алматы қаласында туған.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген және Дж. Кеннеди атындағы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің магистратурасын аяқтаған.

Еңбек өтілі:

Дипломатиялық мансабын 1996 жылы ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, кейіннен Атташесі лауазымдарынан бастады.

1998-1999 жылдары БҰҰ Басқармасы және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының үшінші, екінші хатшысы.

1999 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің протокол қызметінің консультанты.

2003-2005 жылдары - ҚР Президенті Кеңсесінің Ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас сарапшысы.

2005-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында жұмыс істеді, онда бас сарапшыдан Орталық меңгерушісі лауазымына дейін жетті.

2013-2016 жылдары ҚР Президентінің Кеңесшісі - ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2016 жылдан бастап Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі және Қазақстан Республикасының Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкіл

2020 жылдың 30 қыркүйегінен Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі.

2022 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу