Махаев Дастан Рамазанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппарат басшысы 

5586
Махаев Дастан Рамазанұлы

Дастан Махаев 1983 жылы 23 сәуірде дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2005-2010 жж - Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің маманы.

2010-2011 - «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасарының көмекшісі.

2011-2012 - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі.

2012-2013 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі.

2013-2014 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары.

2014-2016 - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылығының меңгерушісі.

2016-2020 жж - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2020 жылғы сәуірден қазанға дейін - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың 26 ​​қазанынан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы

Мемлекеттік наградалары:

«Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу