Мақажанов Дәурен Сәбитұлы
Кентау қаласының әкімі
5233 10.04.19, 18:00
Дәурен Мақажанов 1980 жылы 19 наурызда дүниеге келген.
Білімі:
2001 ж. - Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
2007 ж. - А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
2001-2004 жж. – «Қазкоммерцбанк» ААҚ-ның Петропавлдағы филиалында кредит сарапшысы, сектор меңгерушісі, менеджер.
2004-2005 жж. - «АТФБанк» акционерлік қоғамының өңірлік менеджері.
2005-2007 жж. - басқарма басшысы, «АТФБанк» АҚ филиалының банктік қызмет көрсету орталығының директоры.
2007-2008 жж. - «Альянс Банк» акционерлік қоғамының Астана қалалық филиалы директорының орынбасары.
2008-2009 жж. - «Астана Capital building Project» ЖШС бас директорының кеңесшісі.
2009-2011 жж. - «Қазақстан кепілдендірілген ипотекалық кредиттер қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
2011-2012 жж. - «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ басқарма төрағасы.
2012-2015 жж. - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
2015-2018 жж. - «Агрофуд Береке» ЖШС директорының орынбасары.
2018-2019 жж. – Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары.
2019 жылдың 10 сәуірінен – Кентау қаласының әкімі.