Мәкен Бақтияр Мәкенұлы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары
9200 04.09.19, 11:15
Бақтияр Мәкен 1981 жылы 22 қарашада дүниеге келген.
Білімі:
2003 ж. – Қазақ ұлттық аграрлық университеті.
2009 ж. - University of Montana («Болашақ» бағдарламасы бойынша).
«Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша сарапшы-аудитор, мемлекеттік басқару магистрі (МРА).
Еңбек жолы:
2000-2006 жж. - студенттер кәсіподағының төрағасы, жастар саясаты жөніндегі ректордың көмекшісі, ҚазҰАУ жастар әкімшілігінің төрағасы.
2002-2006 жж. - «Қазақстан ауыл жастарының одағы» РҚБ тең төрағасы.
2003-2007 жж. - Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының кеңесшісі.
2004-2005 гг. - Алматы қаласы ішкі саясат департаменті директорының кеңесшісі.
2004-2006 жж. - Қазақстандағы БҰҰДБ «Алматы қаласында ауыл жастарын бейімдеу» жобасының менеджері.
2005-2006 жж. - Алматы қаласы бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы төрағасының орынбасары.
2005-2007 жж. - Алматы қаласы бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.
2007-2008 жж. - «ЭСТ – МОЛ» ЖШС басқарушы директоры.
2008-2009 жж. - «ЭСТ – Фарматэк» ЖШС басқарушы директоры.
2009-2010 жж. - Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жоғары оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы.
2010-2012 жж. - Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы.
2012-2013 жж. - Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы.
2013-2016 жж. - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2016-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2019 жылдың 10 шілдесінен бастап - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.