Мамин Асқар Ұзақбайұлы

ЕАДБ кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының премьер-министрі, Nur Otan партиясының саяси кеңес мүшесі

17907
Мамин Асқар Ұзақбайұлы

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туған.

Білімі:

1987 ж. – Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген.

2003 ж. – Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист.

Еңбек жолы:

1987-1988 жж. – «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы.

1988-1991 жж. – Целиноград облыстық атқару комитетінің ішкі істер басқармасының органдарында істеген.

1991-1993 жж. – Қазақстанның инновациялық кәсіпорындар одағы бас директорының орынбасары,

1993-1996 жж. – «Интер-Ишим» БК бас директоры.

1996-2000 жж. – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1998-2000 жж. – Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары.

2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.

2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.  

2002- 2003 жж. – «Инком-Астана» ЖШС бас директоры.

2003-2004 жж. – ҚР Индустрия және сауда бірінші вице-министрі.

2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі.

2006-2008 жж. - Астана қаласының әкімі

2008 жылдың сәуірі 2016 жылдың қыркүйегі аралығында – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті.

2016 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2019 жылдың 21 ақпанынан – Қазақстан Республикасының премьер-министрінің міндетін атқарушы.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасының премьер-министрі

Басқа қызметтері:

2018 жылдың 19 мамырынан Қазақстан географиялық қауымдастығының басшысы.  

2019 жылдың 27 ақпанына Nur Otan партиясының саяси кеңес мүшесі .

 2019 жылдың 5 наурызында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңеснің төрағасы болып сайланды.  

2019 жылдың 7 наурызында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ны басқарды.  

2019 жылдың 29 мамырынан бастап – ЕАДБ кеңесінің төрағасы. 

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», Құрмет" ордені (2006),2 дәрежелі «Барыс» ордені (2011), «Астанға 10 жыл» мерекелік медалі (2008), 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский князі ордені (РПЦ, 2010) (Ресей Федерациясы), Құрмет легионы ордені (2013) (Француз Республикасы), Мойындау кресті гранд-офицері (2013) (Латвия Республика), "Азаматтық қызметі үшін" орденінің үлкен кресті (2014) (Испания корольдігі), Астана қаласының Құрметті азаматы (2011), Құрметті теміржолшы (2012), Қазақстанның құрметті құрылысшысы (2013)

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу