Мансұр Тұрсынұлы Ошурбаев
ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі
5553 01.06.23, 22:19
Мансұр Ошурбаев 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жетекші маман болып бастаған.
2010-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2016-2017 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2017-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы.
2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры болды.
2023 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.