Марат Әшім Кенжеғалиұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама қызметінің басшысы

2766
Марат Әшім Кенжеғалиұлы Фото: akorda.kz

Марат Әшім 1987 жылғы 13 мамырда дүниеге келген.

Білімі:

2004-2010 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқыған. Мамандығы – Халықаралық құқық бакалавры; Экономика және бизнес бакалавры

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

2008-2009 жж. – «Қазақстан қаржы корпорациясы – сервис» ЖШС заңгері.

2009 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаменті Кадрлар департаментінің атташесі.

2010 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметінің үшінші хатшысы.

2012-2013 жж. –  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттамасының референті.

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттамасының сарапшысы.

2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттамасының консультанты.

2015-2017 жж. –  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттама инспекторы  

2017-2018 жж – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттама секторының меңгерушісі.

2018-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама меңгерушісінің орынбасары.

2023 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу