Марат Едігеұлы Шоранов
«С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» НАО ректоры – Басқарма төрағасы
17272 14.06.22, 0:32
Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1997 ж. – Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, «Емдеу ісі, дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.
2006 - Вирджиния Достастық университеті, Ричмонд, Вирджиния, АҚШ, Денсаулық сақтау саясаты және басқару курсы.
2011 ж. – Эмори университеті, Роллинс қоғамдық денсаулық мектебі, Атланта, Джорджия, АҚШ, «Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі».
Еңбек өтілі:
1997-1999 жж - Клиникалық резидент Қазақ ұлттық урология ғылыми орталығының литотрипсия және хирургиялық эндоскопия кафедрасы, Алматы қ.
2002-2003 – Б.У. Жарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкері.
2003-2004 – Б.У. Жарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығының ғылыми қызметкері.
2004-2006 – Қазақстан қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің аға ғылыми қызметкері, басшының м.а.
2006-2007 – Б.У.Жарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі. Инновациялар және мемлекеттік сатып алулар басқармасы.
2007-2008 жж – Б.У. Жарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығы директорының орынбасары.
2008-2009 – Денсаулық сақтауды дамыту институтының директоры.
2010 - Эмори университетінің клиникасында әкімшілік интерн, Атланта, Джорджия, АҚШ.
2012 ж. - Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының Экономикалық зерттеулер орталығының басшысы.
2013-2014 жж - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаментінің директоры.
2014-2015 жж - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры.
2015-2017 жж – «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарушы директоры.
2017-2019 жж – Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2019 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2019-2020 – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
2022 жылғы 10 маусымда басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.
2022 жылдың 14 маусымында «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ҰҒА Басқарма төрағасы – ректоры болып тағайындалды.