Марат Ғатаұллаұлы Ирменов

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.

616
Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Фото: ҰҚК

Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған.

1996-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызмет лауазымдарында, ал 2000-2025 жылдары басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2025 жылдың қазан айынан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы Президент Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу