Матаев Талғат Мұстафаұлы
«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы
5075 08.05.19, 19:07
Талғат Матаев 1972 жылы 23 шілдеде туған.
Білімі:
1994 ж. - Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
1999 ж. – Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған.
2002 ж. - Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
2006 ж. - Йель университетінің менеджмент мектебін (АҚШ) бітірген.
Еңбек жолы:
1994-1996 жж. – Қызылорда қаласы бойынша салық инспекциясының маманы.
1996-2001 жж. - Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, басшы орынбасары, бөлім басшысы, басқарма басшысы, төраға орынбасары.
2005-2006 жж. – Қызылорда облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі басқарма басшысы.
2006 ж. – Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.
2006-2007 жж. – Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі.
2007 ж. – Қызылорда облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
2007-2008 жж. - Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.
2008-2010 жж. – Қызыорда облысындағы «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ өкілдігі директорының орынбасары.
2010-2012 жж. – Қызылорда облысы бойынша «Оңтүстік» қаржылық компания» АҚ филиалының директоры.
2012-2017 жж. – Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономиалық комссияда жұмыс істегенде МЖӘ саласындағы мемлекетаралық өзараәрекет мәселелерімен айналысқан.
2017-2019 жж. – «ҚМЖӘО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 8 мамырынан - «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы.