Мәуберлинова Нұргүл Өсербайқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі   

9461
Мәуберлинова Нұргүл Өсербайқызы

Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Білімі:

1992 ж. – Саран педагогикалық училищесін бітірген.

2000 ж. – Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған.

2006 ж. – Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

Еңбек жолы 1992 жылы Қарағанды облысының балабақшасында тәрбиеші болып бастаған, кейін Саран қаласындағы №2 орта мектепте қазақ тілі мен тарих пәнінің мұғалімі болған.

2006-2008 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы.

2008-2012 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.

2012-2016 жж. – ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің кеңесшісі.  

2016-2018 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар қызметінің Ақпарат комитетінің төрағасы.

2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың сәуіріне дейін – ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019 жылдың 4 сәуірінен - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

2020 жылдың 15 мамырынан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

Мемлекеттік наградалар: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Құрмет» ордені.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу