Мәжібаев Қайрат Қуанышбайұлы
«Resmi» компаниялар тобы» ЖШС-ның президенті, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының сауда комитеті төрағасы
6436 09.12.19, 18:52
Қайрат Мәжібаев 1968 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген.
Білімі:
1991 жылы - Алматы мемлекеттік медицина институты.
2004 жылы - Гарвардтық бизнес-мектебі.
Еңбек жолы:
1994 - 1995 жж. - RG Brands және «Resmi компаниялар тобы» ЖШС-ның негізін қалаған.
1994 - 2008 жж. – Бақылау кеңесінің төрағасы – «Resmi» ЖШС президенті.
2009 - 2010 жж. - «БТА» АҚ директорлар кеңесінің, «Династия» өмірді сақтандыру компаниясының мүшесі, «KBS GARANT», «БТА Сақтандыру», «Құрмет» ЖЗҚ, «Premier Asset Management», «Республика» ЖЗҚ, «Қазтелерадио»АҚ ұлттық инновациялық қорының мүшесі.
2009-2012 жж. - Kazakhstan Growth Fund тәуелсіз директоры.
2004 жылдың қазанынан бастап- «Resmi» инвестициялық қаржы үйі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2004-2005 жж. - «RG Brands» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2005-2013 жж. - «Innova Investment» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.
2013 жылдың мамырынан - «Resmi Тікелей нвестициялар» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.
2013 жылдан бастап - «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ тәуелсіз директоры.
Басқа қызметтері:
2006 жылдан – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі.
2006 жылдан – Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы бақылау кеңесінің мүшесі.
2008 жылдан – Қазақстан-француз іскери кеңесінің мүшесі.
Kazakhstan Growth Fund (KGF) директорлар кеңесінің мүшесі.
2010 жылдан – Қазақстан үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі.
2013 жылдан – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Қазақстан Республикасы индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын қаржыландыру моделін жетілдіру» жобасын әзірлеу жөніндегі басқарушы комитеттің мүшесі.
2013 жылдан – Ирландияның Қазақстандағы құрметті консулы.
2013 жылдан – төралқа мүшесі, сауда комитетінің төрағасы, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржылық секторы комитетінің төрағасы.
2017 жылдың шілдесінен - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің бақылау кеңесінің мүшесі.
2019 жылдың 9 желтоқсанынан - «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз директоры.